2016 жылғы 26 қаңтар, Астана қаласы
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Инвестициялар және даму министрінің
______________ Ә. Исекешев міндетін атқарушы
2016 жылғы «___»__________ ____________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы 27 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 26 қаңтарда № 21 бұйрығымен бекітілген
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ашық деректер тізбесі
№ Ашық деректердің атауы Жаңартып отыру
кезеңі Ашық деректерді орналастыру үшін жауапты құрылымдылық бөлімшелер
1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы ақпарат тамыз – қараша АӨК МИК
2. Қазақстан Республикасына өсімдіктерді қорғау құралдарын әкелумен айналысатын фирмалар мен ұйымдар тізімі жыл сайын АӨК МИК
3. Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлер тізбесі жыл сайын АӨК МИК
4. Карантинге жатқызылған өнім тізбесі жыл сайын АӨК МИК
5. Аса қауіпті зиянды организмдер тізбесі жыл сайын АӨК МИК
6. Бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы ақпарат жыл сайын АӨК МИК
7. Барлық санаттағы шаруашылықтардағы
асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімі жыл сайын МШӨӨҚӨД
8. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі тоқсан сайын АӨК МИК
9. Астық пен ұнды экспортқа тиеп-жөнелту бойынша ақпарат тоқсан сайын ӨШӨӨҚӨД
10. Өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың импорты тоқсан сайын АӨК МИК
11. «Асыл түлік» республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы» акционерлік қоғамында күтіп-бағылатын асыл тұқымды малдар саны тоқсан сайын СЖТД
12. «Қазақ тұлпары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде күтіп-бағылатын асыл тұқымды малдар саны тоқсан сайын СЖТД
13. Ауыл шаруашылығындағы зерттеулердің түрлері жыл сайын СЖТД
14. Жемшөп қоспаларына арналған тіркеу куәліктерінің тізілімі тоқсан сайын ВБҚК
15. Ветеринариялық препараттарға арналған тіркеу куәліктерінің тізілімі тоқсан сайын ВБҚК
16. Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің тізілімі тоқсан сайын ВБҚК
17. Жануарларға арналған виварийлері бар салынған біртипті модульдік аудандық ветеринариялық зертханалардың саны тоқсан сайын ВБҚК
18. Сатып алынатын шетелдік селекциядағы асыл тұқымды ірі қара мал төлдерінің саны тоқсан сайын ВБҚК
19. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесі
тоқсан сайын ОШЖДК
20. Аң және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі тоқсан сайын ОШЖДК
21. Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері
тоқсан сайын ОШЖДК
22. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі тоқсан сайын ОШЖДК
23. Балық аулау құралдары мен тәсілдерінің қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес түрлерінің тізбесі тоқсан сайын ОШЖДК
24. Балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындар туралы ақпарат тоқсан сайын ОШЖДК
25. Пайдаланушылардың балық аулау квотасын игеруі туралы мәліметтер тоқсан сайын ОШЖДК
26. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тұяқты жануарлар түрлерінің, оның ішінде киіктің саны тоқсан сайын ОШЖДК
27. Жануарлар дүниесінің сақталған түрлерінің саны тоқсан сайын ОШЖДК
28. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тұяқты жануарлар түрлері, оның ішінде киік (киіктер, тоғай кермаралдары, құландар, қарақұйрықтар, арқарлар) санының өсу пайызы тоқсан сайын ОШЖДК
29. Аңшылық шаруашылықтарының тізбесі
тоқсан сайын ОШЖДК
30. Су қоймаларының тізбесі
тоқсан сайын СРК
31. Гидротехникалық құрылыстардың тізбесі
тоқсан сайын СРК
32. Органикалық өнім өндірушілердің тізілімі жыл сайын СЖТД
33. Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімі жыл сайын ӨШӨӨҚӨД
34. Сумен жабдықтайтын бекітулі қондырғыларда немесе шарбақтарда тауарлық балық өсірумен айналысатын кәсіпорындар туралы ақпарат жыл сайын МШӨӨҚӨД
35. Балық отырғызу материалдарын өсірумен айналысатын кәсіпорындар туралы ақпарат жыл сайын МШӨӨҚӨД
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АӨК МИК – Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті;
МШӨӨҚӨД – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті;
ӨШӨӨҚӨД – Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті;
СЖТД – Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті;
ВБҚК – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
ОШЖДК – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
СРК – Су ресурстары комитеті.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13196 болып енгізілді.